Нұсқаулық
Мен қайда кірдім? Бұл не өзі?
Сіз Binomo сауда платформасының серіктестік бағдарламасының сайтындасыз.
Біз барлық әріптестерімізге трейдерлерді тарту арқылы ұзақ және тұрақты табыс табуға мүмкіндік береміз.
Клиенттерді тарту үшін сілтемелерді қайдан алуға болады?
Трейдерлерді тартуға арналған барлық сілтемелер - Promo бөлімінде.
Бастапқы бетті немесе қажетті лендинг парақшаны таңдап, пайда болған сілтемесін көшіру керек.
Жарнама науқаны — трафигіңіздің көзінің қосымша міндетте емес сәйкестендіргіші. Қалағаныңыздай көп бола алады және оларды сілтемеге автоматты түрде енгізуге болады, статистикада жарнама науқаны автоматты түрде құрылады.
Субаккаунт — трафигіңіздің көзінің қосымша міндетте емес сәйкестендіргіші. Қалағаныңыздай көп бола алады және оларды сілтемеге автоматты түрде енгізуге болады, статистикада жарнама науқаны автоматты түрде құрылады.
Енді сіз сілтемемен бөлісіп, клиенттерді тарта аласыз!
Где найти ссылки для привлечения других партнеров? Басқа серіктестерді тарту үшін сілтемелерді қай жерден табуға болады?
Серіктестерді тарту бойынша барлық сілтемелер Реферал бөлімінде берілген.
Сілтемеңізді көшіріп алуыңыз керек немесе баннерді таңдап, пайда болған сілтемені көшіруіңіз керек.
Енді сілтемеңізді жариялап, басқа серіктестерді тарта аласыз!
Қайда, қалай жарнамалауға болады?
Трафиктің негізгі көздерін қысқаша қарастырайық, сосын әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқталамыз:
Тақырыптық сайттар Контексттік жарнама Жарнама желілері Әлеуметтік желілер Бейне порталдары Форумдар Ерекше идеялар
Тақырыптық сайттар
Ең мықты трафик, сөзсіз, платформа шолулары, рейтингтері және тізімдері, тренинг материалдары мен бейнелері, талдамалық мақалалар және басқа да онлайн сауда жасау үшін пайдалы тақырыптық сайттардағы болып табылады. Веб-сайттарды қалай жасау керектігін білсеңіз - бұл тұрақты және үлкен табысқа қол жеткізудің ең жақсы жолы.
Іздеу жүйелеріндегі сайттардың мысалдарына назар аударыңыз, өзіңізді жасаңыз - біз клиенттерді тартуға арналған барлық жарнамалық материалдарды, біздің платформамыздың бірегей сипаттамаларын, графиканы, мәтіндік мақалаларды - жаңалықтарды, тұрақты нарық талдауларын және сіздің сұранысыңыз бойынша тағы да басқа көптеген нәрселерді ұсынамыз.
Контексттік жарнама
Контексттік жарнама барлық трафик түрлерінен конверсиялау бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсетеді, себебі ол барынша жинақы болып табылады және дайын клиенттерді әкеледі.
Google Adwords арқылы Ресей Федерациясына жарнама бағыттауға тыйым салынған.
Барлық басқа елдерге ашық.
MyTarget арұылы Ресей Федерациясына жарнама бағыттауға тыйым салынады.
Барлық басқа елдерге ашық.
Яндекс.Директ рұқсат етілген.
Директте жарнама модерациясынан өту үшін:
1) платформаның Ресей Федерациясында жұмыс істемейтіндігін жарнамада көрсетіңіз, мысалы "Еуропалық платформа" деп.
2) модератордан үлгісін алуға болатын кепілдік хатын жіберу.
Кепілдеме хатын үлгідегідей қылып толтырыңыз да, нотариалды түрде растаңыз, содан кейін жарнаманы қайтадан модерацияға жіберіңіз.
Жарнама желілері
Кез келген жарнама желісінде трафикті сатып алуға болады - teaser, clicker, CPA және тағы басқалар.
Әлеуметтік желілер
Трафиктің ең пайдалы көздерінің бірі әлеуметтік желілер. Топтарда жұмыс істейтін потанциалды трейдерлерді посттармен қызықтыру мүмкіндігі және бәріне бірдей арзан жарнама орналастыру құны бұл трафик түрін оңайлықпен ақшаға түрлендіруге мүмкіндік береді.